• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Жамбыл облысында киллер қарияны өлтіруге қолы бармапты

248 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 20 қаңтар. Адам өлтіруге тапсырыс алған киллер қарияны аяғандықтан өлтіруге қолы бармапты. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Жақында жамбылдық полиция қызметкерлері 54 жастағы әйелді ұстады. Оған 84 жастағы зейнеткерді өлтіруге тапсырыс берді деген айып тағылып отыр. Зейнеткер мен әйелдің арасындағы дау облыс орталығындағы бір үйден туындапты. Ұзақ уақыт дау болған бұл мәселе ақырында сотта қаралып, нәтижесінде зейнеткердің пайдасына шешілген. Сондықтан әйел үй иесінен құтылуды ойлап, бұрын сотты болған бір кісіге адам өлтіруге тапсырыс берген. Бірақ қылмысты жасауға әбден дайындалған киллер қарияны аяп, ақырында бұл туралы ішкі істер органдарына мәлім етіпті. Осыдан кейін зейнеткердің қанға боялып, өліп жатқан сәтін қолдан ұйымдастырған полиция қызметкерлері тапсырыс берушіні ақша беріп жатқан кезінде қолға түсірді. Күдікті Тараз қаласындағы уақытша ұстау мекемесіне жөнелтілді. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz