• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Ақтөбе облысында күре жолдың бойынан кемпинг ашылды

284 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Ақтөбе облысында күре жолға жақын орналасқан Ақжар ауылдық округі маңынан бой көтерген «Райгүл» кемпингі пайдалануға берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Сейітмағанбет Шілмановтың айтуынша, соңғы үш жылда ауданда жол бойында қызмет көрсететін 13 нысан іске қосылған. Қызмет көрсету орталықтарына қазақстандықтардан басқа Түркия, Ресей, Қытай, Молдавия, Болгария, Өзбекстан жолаушылары да аялдайды. Алдағы уақытта жол бойында бұдан басқа он шақты кемпинг ашу жоспарланған. Соның алтауы биыл салынады. Мемлекет тарапынан мұндай орталықтарға инженерлік желілер тегін тартылады. «Райгүл» кемпингінің иесі Ержан Кенжебаев жаңа нысанды салуға 30 млн. теңге жұмсаған. Орталықтың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге көлемінде несие алған. Кемпингте 80 адамға арналған асхана, 16 орындық қонақ үй және монша бар. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.