• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Мұхит деңгейі ғалымдар ойлағаннан да көтеріліп барады

485 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Гренландия мұздықтарының еруіне байланысты мұхит деңгейі ғалымдар ойлағаннан да көтеріліп барады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мамандар 2009 және 2010 жылдары жаз маусымының ыстық болуына байланысты мұздың беткі қабаттары еріп кетуінен мұхитқа құйылатын судың артқанын анықтады. Осыған байланысты жаһандық жылынудың әсері уақытынан бұрын сезілуі мүмкін. Профессор Джейсон Бокс Данияның ғылыми интернет-порталына берген сұхбатында, қардың жоғарғы қабатына жиналған су қатты мұз қабыршағына айналатынын, бұл өз кезегінде алдағы жылдары судың тереңірек сіңіп, мұздыққа айналуына жол бермейтінін айтты. Осыған дейін сіресіп жатқан мұздың биіктігі кейбір жерлерінде 40 метрді құраған болса, бүгінде айтарлықтай азайды. «Еріген қар суы мұхитқа мөлшерден тыс құйылуда. Бұл бәріміз үшін күтпеген жайт болды. Алдағы он жыл көлемінде мұхит деңгейі қаншалықты көтерілетінін анықтауымыз қажет», – дейді Джейсон Бокс. Ал мұзтанушы Дирк ван Аст Гренландиядағы мұздықтардың еруі жаһандық жылынудың әсерінен болуда дейді. Айта кетейік, Гренландия – Солтүстік Американың солтүстік-батысында орналасқан әлемдегі ең үлкен арал. Жер көлемі 2 130 800 шаршы километрді құрайды. Аумағының басым бөлігін мұз алып жатыр. Шілденің ыстық күндері ауа температурасы +21 Цельсий градусқа дейін барса, қыста орташа көрсеткіш -25 Цельсий градусты көрсетеді. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: tonkosti.ru.