• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Шығысқазақстандық жастар қайырымдылық акциясын бастады (фото)

354 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 20 қаңтар. Шығысқазақстандық жастар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «25 қайырымды іс» акциясының тұсауын кесті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс көлемінде жыл соңына дейін қайырымдылық концерттері мен іс-шаралары өткізіліп, жиналған қаражат шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға жеребе тарту әдісі бойынша берілмек. Акцияны сәтімен жүзеге асыруға өңірдің барлық белсенді жастары, олардың ішінде Тәуелсіздіктің құрдастары да жұмылдырылады. Әр қала мен ауданда адамды рухани тұрғыдан дамытатын қайырымдылық концерттері ұйымдастырылып, одан түскен қаражат жиналатын болады. Осындай кештің алғашқысы Өскемен қаласында өтті. «2016 жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне өңіріміздің әр қалалары мен аудандарында тұратын белсенді жастарымыз да өз үлестерін қоспақ ниет танытып отыр. Бірі 100 мың теңге жинар, бірі 50 мың теңге жинар, нәтижесінде, барлық қаражаттың басын қосып, мұқтаж жандарға көмек ретінде беруді көздеп отырмыз», – деді облыстық ішкі саясат басқармасының жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Арайлым Есімбекова. Осы іспетті қайырымдылық акциясы Аягөз ауданында өтіп, бастамашыл топ көпбалалы отбасыға киім-кешек, азық-түлік қорын сыйлап, көмір түсіріп берді. Думан Анаш, Дерек, сурет: Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығы.