• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Шығыста президенттік сынақтар дұрыс ұйымдастырылмайды

293 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 20 қаңтар. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа отырысында өңірдің кейбір аудандарында президенттік сынақ көрсеткіштерінің төмендеп кеткені мәлім болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, көрсеткіштердің төмендеуінің себебі, сынақтың өз деңгейінде ұйымдастырылмауынан туындап отыр. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Елдос Шікенов президенттік сынақтарға қатысушылар көлемінің де нашарлап кеткенін жеткізді. Мәселен, аталған сынаққа қатысу көрсеткіші Риддер қаласында 2,7 пайызды құраса, Зырян ауданында 3,61 пайызды, Шемонайха ауданында 2,2 пайызды, ал Бесқарағай ауданында 4,7 пайызды құрап отыр. «Президенттік сынақ тек дене шынықтыру дайындығының ғана нәтижесі емес, бұл спорттың да даму көрсеткіші саналады. Сондықтан, біз бұл мәселеге өте үлкен жауапкершілікпен қарауымыз тиіс. Басты нормативтерді тапсыруды дұрыс ұйымдастырмағандарға тиісті шаралар қолданылатын болады», – деді Жақсылық Омар. Кеңейтілген жиынның соңында барлық спорттық көрсеткіштерді сарапшылармен бірге саралау тапсырылды. Думан Анаш, Дерек, сурет: ШҚО Ақпараттық орталығы