ШЫМКЕНТ. 20 қаңтар. Оңтүстік Қазақстан облысында 545 мыңнан аса автокөлік есепте тұр. Сонымен қатар 2,7 мың автобус жолаушылар тасымалдайды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыста 8 автовокзал мен 27 автобекет тұрғындарға қызмет етіп келеді.
Облыста үш миллионға жуық халық бар деп есептеп, әрі үйде бес жан тұрады десеңіз жеке көліксіз үйі жоқ.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Германияға барғанда мақтаулы «Мерседес» көліктерінің такси орнында жүргенін көріп таңқалған едік.
Қазір еліміздің тұрғындары мініп жүрген қымбат машиналардың көптігіне шетелдіктер таңқалатын болды.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz