• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Жамбыл облысында шенеунік пара алғанын мойындады

281 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 20 қаңтар. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросы департаменті «Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КМБ-ның басшысы Н. Кенжебековтың қылмысын әшкереледі. Бұл туралы осы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Лауазымды тұлғаның жеке тұлғадан жер учаскесін таңдау актісін алу үшін оң шешімнің шығарылуы және жедел алу үшін жалпы сомасы 200 мың теңге көлемінде пара алғаны белгілі болды. Н.Кенжебеков өз кінәсін толық мойындады. Сот алдындағы тергеу амалдары жылдамдатылған тәртіпте аяқталады. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz