• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстанда бір адам үсіп өлді

359 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 20 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысындағы Заградовка ауылы маңынан үсіп өлген ер кісінің мәйіті табылды. Полицейлердің пайымдауынша, қайтыс болған адам қарлы боранда үйіне жете алмай, адасып кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Есіл ауданының Заградовка ауылына бет алған Айыртау ауданы тұрғынының мәйіті жолдан 150 метрдей қашықтықтан табылған. 1953 жылы туылған азаматтың үсік шалған денесін ауыл адамдары көріп, жергілікті полицияға хабар берген. Жалпы, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері ауа райының күрт суытып, желдің күшейетіні жайлы қанша хабарласа да, жұртшылық бұл ескертулерге дұрыс құлақ аспай келеді. Ал осының салдарынан өңірде қайғылы жайттар орын алуда. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға сақтық шараларын сақтауын сұрап, 584 мың абонентке SMS хаттар жіберген. Құтқарушылар демалыс күндері жолға шығып, қиындықтарға тап болған 93 жолаушыға көмек қолын созса, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Есіл, Шал ақын, Айыртау, Жамбыл және Қызылжар аудандарының тасжолдарын басып қалған қар құрсауларын аршуға, адамдарды құтқаруға 45 техника жұмылдырылған. Айта кетейік, ауа райының күрт төмен түсуіне байланысты «Астана-Петропавл», «Жезқазған-Петропавл», «Мамлютка-Қостанай», «Екатеринбург-Алматы», «Көкшетау-Рузаевка», сонымен қатар барлық ауданаралық жолдарда кезекшілік ұйымдастырылып, бақылау күшейтілген. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: 24.kz.