• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Әжетханадан табылған нәрестені әжесі алғысы келеді

311 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 20 қаңтар. Жамбыл облысында дәретханада табылған нәрестеге талас одан сайын қыза түсуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әжетханада табылған сәби әкесіне берілуі мүмкін. Сәбиді нағашы әжесі де бауырына басуға әрекет етіп жатыр. Сондықтан ол өзге асырап алушыларға бекерге жанталаспауға кеңес берді. Қазір соған қатысты құжаттарын жинап, мамандардан кеңес алып жүр екен. Дегенмен, оның әрекетінен ештеңе шықпайтын тәрізді. Өйткені заң, бойынша жасы 45-тен асқан адамның жаңа туған сәбиді асырап алуға хақысы жоқ. Бибігүл Мәжіғұлова 45 жастан асқанда, бұлай ұятқа қалу үш ұйықтасам түсіме кірмеді дейді. Жалғызбасты әйел сұмдық оқиғадан әлі күнге есін жия алатын емес. Бұған дейін қызынан немере сүйген әйел екінші мәрте әже болатынын білмеген. Ал өлім аузынан қалған жиеніне ел-жұрттың таласуы оның жанына қатты батыпты. Айтуынша, өзі нәрестеден бас тартпақ емес, сондықтан бауырына басу үшін бар күшін салмақ. «Кешірсін, қайтып берсе екен енді, құдайдан тілейтінім осы. Баланы берсе болды, одан бас тартқан емеспіз. Ешкімге бермеймін, қайтып аламын. Екеуін өле өлгенше асыраймын»,  дейді Бибігүл Мәжіғұлова. Баласын туып, дәретханаға тастап кеткен 21 жастағы келіншек Тараздағы дәмханалардың бірінде даяшы болып қызмет істеген. Тапқан ақшасын ауылдағы екі жастағы қызы мен шешесіне жіберіп отырыпты. Үйіне жиі соқпайтын әйел бұған дейін тұрмыста болып ажырасқан екен. Ал бұл жолы отбасылы еркектен жүкті болса керек. Дегенмен, әкесі одан бас тартпаған. Сондай-ақ, көкек ананың өзі де суицид жасамақ болғаны анықталды. Көп мөлшерде дәрі ішіп хал үстінде ауруханаға түсіпті. Дәл сол кезде оның іздеуде жүрген әйел екені белгілі болған. Қазір ол кепілақымен босатылған. Дегенмен, қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Енді ол аналық құқынан айырылады немесе 4 жылға сотталады. Ал кішкентай Жансаяны ажалдан құтқарып қалған отбасы бала-шағасымен қонаққа кетіп бара жатып, дәрет сындыруға тоқтаған. Әжетхананың шұңқырында шырылдап жатқан сәбиді ең бірінші келіні байқап тысқа жанұшыра жүгіріп шығыпты. Сөйтіп, дереу тәртіп сақшыларына хабар берілген. «Қарасақ, дәретхананың ішінде бұрышында жатыр екен.. Оң жамбасымен беті, бері қараған. Қол аяғы қимылдап жатыр. Сол дауысты естіп көрдік,сосын жолдасым хабар берді дереу», деді Тараз қаласының тұрғыны Гүлайым Көбәділова. Қатыгездікке барған келіншек ауылына шамамен 60 шақырым жердегі дәретханада қылмыс жасамақ болған. Оның бұл жерге немен келіп, немен кеткені беймәлім. Бірақ шақалақ осы отбасының арқасында өлімнен аман қалды. Тараздағы бөбектер үйінде жатқан сәбиді кімнің бауырына басары әзірше белгісіз. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz