• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

АҚШ-та ұрланған құнды картиналарға іздеу салынды

316 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Лос Анджелес қаласында қолды болған құнды картиналарға іздеу салынды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұрланғандардың арасында Анри Матисс, Марк Шагал, Жоан Миро есімді белгілі суретшілердің туындылары бар. Құны 250 мың долларды құрайтын бағалы заттар жергілікті өнеркәсіп автотұрағындағы көліктен ұрланған. Полиция басқармасына Haulmark тіркемесінің 2005 жылғы үлгісі жоғалғаны туралы мәлімет келіп түсті. Құқық қорғау органының қызметкері Дональд Храйсиктің айтуынша, сондай-ақ бағалы мүсіндер, көркемсуреттер, эстамптар, шыныдан жасалған бұйым топтамалары және сирек кездесетін заттар қолды болған. Мүлік иесінің есімі жасырын күйде қалды. Ал құнды заттардың көлік ішінде қараусыз қалғанының себебі әлі белгісіз. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.