• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Ақмолада «Қазақалтын» 800 кило алтын өндірген

405 рет
көрсетілді

АҚМОЛА. 20 қаңтар. Ақмола облысындағы «Қазақалтын» серіктестігі өткен жылы 800 кило алтын өндірген. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шортанды ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Сергей Кулагин аталған кәсіпорынға ат басын бұрып, оныдағы өндірістің жай күйімен танысты. Өз кезегінде «Қазақалтын» ТМК бас директоры Евгений Балашов серіктестіктің өткен жылы өндірген өнімін баяндады. Оның айтуынша, аталған кәсіпорынды модернизациялау тұрақты түрде жүргiзiлген. Мәселен, осы бағытқа 2014 жылы 421,4 млн. теңге, 2015 жылы — 650,2 млн. теңге жұмсалған. Жалпы жаңа орындарды барлау және ашу жұмыстарына былтыр 1,2 млрд. теңге бағытталған. Айта кетейік, аймақ басшысы мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік аясында жұмыс істейтін «Той-Дастархан» асханасының қызметіне де жоғары баға берді. Мұнда таңғы ас құны 220 теңге, түстiк ас – 550, ал кешкi ас құны— 330 теңгенi құрайды. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: Ақмола облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.