• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Қазақстан конфедерациясы «алтын әріптес» атанды

317 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Спорттық жекпе-жек және күш қолданалатын спорт түрлері конфедерациясы үшінші жыл қатарынан SportAccord халықаралық конвенциясының «алтын әріптесі» атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Конфедерацияның халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестірушісі Әлімжан Ақаев Швейцарияда «алтын әріптестікті» растайтын құжатты SportAccord конвенциясының басшылығына табыс етті. Биыл SportAccord халықаралық конвенциясы 17-22 сәуір күндері Швейцарияның Лозанна қаласында өтеді. Оның жұмысына жер-жүзінің 100-ден астам халықаралық спорт қауымдастықтары мен федерациялары, спорт ұйымдары қатысады. Осы басқосуда көрме де өтеді. Оның бір бұрышында Спорттық жекпе-жек және күш қолданалатын спорт түрлері конфедерациясы еліміз туралы көрмесі ұйымдастырады. Көрмеге «ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компаниясы демеушілік жасайды. SportAccord халықаралық конвенциясы 1967 жылдың 21 сәуір күні құрылған. Ол Олимпиада бағдарламасына кіретін және кірмейтін спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың басын біріктіреді. Конвенцияның президенті – Франческо Риччи-Битти. Ол 2015 жылы қайта сайланған. Сонымен бірге ол Халықаралық жазғы олимпиялық спорт түрелрі федерациясының қауымдастығын басқарады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Спорттық жекпе-жек және күш қолданалатын спорт түрлері конфедерациясы.