• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Талғат Мұсабаев Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

529 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өкілеттік мерзімге тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Талғат Амангелдіұлы 1951 жылдың 7 қаңтарында туған. Ол қазақтан шыққан екінші ғарышкер-ұшқыш. Үш рет ұшып, барлығы 342 күнін ғарышта өткізген оған 1995 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Еламан Қоңыр. Дерек: Ақорданың баспасөз қызметі. Сурет: ortcom.kz.