• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Иракта содырлар ежелгі ғибадатхананы жермен жексен етті

321 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Иракта лаңкестер ең ежелгі христиандық ғибадатханалардың бірін жойып жіберді. Бұл туралы 24.kz-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ирак пен Левант» лаңкестік тобы елдегі христиан дініне тиесілі ең ежелгі ғибадатхананы қиратқан. Оны америкалық зерттеушілер спутник арқылы суретке түсіріп алған. Мосул провинциясының аумағындағы бұл ғибадатхана шамамен 1400 жыл бұрын салынған. Ал ғимараттың күйреген сәтіне жергілікті тұрғындар куә болған. Аризона университетінің зерттеушісі Сюзан Ботт: «Бұл ғибадатхана қайта қалпына келмейтін заттармен салынған. Бір бұзылса, біржола қирайды. Қалпына келтіремін деп тырысқанның өзінде ғимарат бәрібір тарихи маңызын жояды», – деді. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: egemen.kz.