• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

АҚШ ғалымдары Күн жүйесіндегі жаңа ғаламшарды анықтады

355 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. АҚШ ғалымдары Күн жүйесінде тағы бір ғаламшардың бар екенін анықтады. Оның Жерден қаншалықты алыс екені әзірге белгісіз. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. АҚШ-тың «Астрономия журналында» Калифорния технологиялық институтының қызметкерлері Майкл Браун және Константин Батыгин тоғызыншы ғаламшардың бар екенін анықтағаны жарияланды. Олар компьютерлі үлгілеу құрылғылары арқылы Плутон орбитасынан тыс жатқан шағын аспан денелерін зерттеу барысында осындай қорытындыға келген. Зерттеушілер салмағы Жерден 5-10 есе асатын ғаламшар Юпитер мен Сатурнның ықпалынан ғарыштың алыс бөлігіне, Күн жүйесінің перифериясына өтіп кеткен деген болжам жасап отыр. Сондай-ақ, оған «тоғызыншы ғаламшар» деген атау берді. Алдағы 5 жылдың көлемінде телескоп арқылы толық ақпарат алу мүмкіншілігі болады деп есептейді. Ал қазіргі оптикалық техникалар зерттеу жұмыстарын жүргізуге жарамсыз. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.