2015 жылғы 23 ақпан, Астана қаласы
Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 10-бабы 8-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №140 бұйрығымен бекітілген
Жеке күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісі
Куәлiктiң мұқабасы көк түстi теріден, лидериннен, винилдi немесе белокроннан дайындалады.
Куәлiктiң ашылған түрдегi мөлшерi 210 х 70 мм. болады. Сыртында, бет жағында:
КУӘЛIК
УДОСТОВЕРЕНИЕ
деген жазу болады.
Куәлiктiң iшкi жағына ақ түстi жапсырма қағаз жапсырылады. Куәлiктiң жапсырмасы баспаханалық офсеттiк тәсiлмен орындалған. Куәлiктiң жапсырмасы әр қайсысы 95 х 65 мм. екi жартыдан - сол және оң бөлiктен тұрады.
Жапсырманың сол бөлiгiнде мөлшерi 3,5 х 4,5 см. фото сурет жапсыруға арналған орын болады. Куәлiктi дайындау кезiнде мемлекеттiк рәмiздердi пайдалануға тыйым салынады (оның iшiнде сутаңба белгiлермен) куәлiктердiң саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасы IIМ-мен келiсiледi.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10343 болып енгізілді.