• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Ақтауда шоқыну мерекесі кезінде бір адам теңізге батып кетті

375 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 21 қаңтар. Ақтауда шоқыну мерекесі кезінде бір адам теңізге батып кетті. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шоқыну кезінде қатты толқынданып тұрған Каспийге сүңгіп шықпақ болған 25 жастағы азамат суға тұншығып мерт болды. Ол теңізге түсуге рұқсат етілмейтін құздан секірген. Екпіні қатты толқын кесірінен жартасқа бірнеше рет соғылып есінен танған жігітті су кері тартып әкеткен. Жағалаудағы туыстары көмектесіп үлгере алмай қалыпты. Кейінірек келген құтқарушылар іздеуді тоқтатпағанымен, оның мәйітін таба алар емес. Бірақ, тек теңіз бетін жағалаудан дүрбімен бақылағаннан басқа амал жоқ, өйткені қатты дауыл сүңгуірлердің су астына түсуіне мұрша бермей тұр. «Барлық техникамыз, киімдеріміз дайын. Бірақ мынадай ауа райына байланысты теңізге шыға алмай отырмыз. Толқын бір балдан жоғары болғанда бізге теңізге түсуге болмайды. Өз өмірімізге қауіпті. Қазір толқын 3-4 балдың шамасында», – дейді құтқарушы Е.Есбосынов. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: iz.com.ua.
Соңғы жаңалықтар