• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Ресейде доңыз тұмауынан алты адам көз жұмды

202 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 қаңтар. Ресейдің Ростов облысында доңыз тұмауын жұқтырғандар саны 185 адамға жетті. Сондай-ақ, олардың алтауы көз жұмды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бәрі аурудың асқынып кеткен кезінде ауруханаға келген. Қайтыс болғандардың арасында бүлдіршін қыз да бар. Ол емханаға жеткізілген соң, тіл тартпай кетті. БАҚ өкілдерінің айтуынша, аурудың соңы өліммен аяқталуы дәрігерлердің дер кезінде көмек көрсетпегенінен болуы мүмкін. Осыған байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Ростов облысында өкпе қабынуына шалдыққан 852 адамның ауруы тұмаудың асқынуына ұласқан. Қазіргі кезде 720 науқас стационарларға жатқызылса, 35 адам терапия бөлімінде ем қабылдауда. Ауруханада барлығы 94 бала бар. Оның біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: medicfoto.ru.
Соңғы жаңалықтар