ПАВЛОДАР. 21 қаңтар. Бұған Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ электр стансасы 266 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады. Бұл туралы стансаның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тепловоздар электр станса аумағындағы маневрлік жүк тасымалдауда қолданылады. Стансадағы ТЭМ-18 ДМ маневрлік жаңа тепловоз 1973 жылғы №1535 ТЭМ-2 тепловозын алмастырды. Жаңа техниканың машинистке арналған кабинасы кең. Үнемділігі жоғары дизельдік генератор, басқару пультіне ақпаратты жіберетін, жазылатын аппараттық-бағдарламасы бар «БОРТ» кешені орнатылған. Локомотивтің қосалқы электрлік тоқтатқыш, өрт дабылы бар. Жүйе жұмысы дисплейден көрінеді. Электроника. Кабинада микроклимат жүйесі, тұрмыстық тоңазытқыш, электр плитасы қосылған.
«Орнатылған құрылғылар жанармайды үнемдейді. Локомотивті жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтады. Жаңашылдықтар локомотив бригадасының жұмысын жақсартты», – дейді отын-көліктік цехінің басшысы А. Чуянов.
Машинист А. Милантьев жаңа тепловозды басқаруға отырды. Стансада «Брянск машина жасау зауыты» басқару компаниясы» акционерлік қоғамының ТЭМ-2 және екі ТЭМ-18 тепловоздары жұмыс жасайды.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамы өңірдегі Ақсу қаласында орналасқан. Елімізде өндірілетін электр энергиясының 17 пайызын,көмірдің 20пайызын өндіреді. Корпроация Екібастұздағы «Шығыс» көмір кеніші және Ақсу электр стансасын құрайды. Алып кәсіпорында 6 222 адам еңбек етуде.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz.