• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Қарағандыда автокөліктен ақша ұрлау оқиғалары көбейіп тұр

235 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 21 қаңтар. Қарағандыда қаржы мекемелерінің тұтынушылары мінген автокөліктерден  ақша ұрлау оқиғалары көбейіп барады. Сол себепті облыстық ІІД басшылығы полиция жасағын күшейту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen. kz тілшісі хабарлады. Қылмыскерлер көбіне автокөліктердің доңғалағын тесіп кетеді екен. Содан кейін көлік иесінің әбігерге тұскенін аңдып тұрып, машинаның ішіндегі ақшаны сыпырып әкететін көрінеді. Осындай оқиғаның бірі Қарағандыдағы ірі банктің жанында орын алды. Теміртаудың екі тұрғыны жеке кәсіпкердің «Додж» көлігінің желін шығарып, ішіндегі ақшаны ұрламақ болған. Бірақ та, олардың бұл қулығын жақын маңдағы полиция қызметкерлері көріп қалып, ұрыларды сол жерде ұстап алған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайрат Әбілдинов. Дерек: egemen.kz. Сурет: news.caravan.kz.
Соңғы жаңалықтар