• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Ауған және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының МӘЛІМДЕМЕСІ

311 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ауған және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының «Бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату,

сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

Біз, Қазақстан Республикасы Ауған және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының мүшелері Мемлекет басшысы Жарлығының дұрыс шешім екендігіне сенімдіміз. Елбасы межелеп берген бағытқа сәйкес, бүгінде барша қазақстандықтардың алдында бес институттық реформа мен еліміздің әлемдік дағдарысқа қарсы стратегиясын жүзеге асыру сынды маңызды міндеттер тұр. Сонымен бірге, әлемдік экономиканың беталысына қарасақ, алдымызды сын кезең кес-кестейді. Ендеше, жаһандық дағдарыстың келесі, қуатты толқыны келмей тұрып, еліміздің сайлау науқанынан тезірек өтіп алғаны және басқа ештеңеге алаңдамай, дағдарысқа қарсы шараларды мұқият жүзеге асырғаны айрықша маңызды. Осы жауапты сәтті пайдаланып, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауларын өткізу туралы Жарлыққа толықтай қолдау білдіретінімізді мәлімдейміз және барша халқымызды осы шешім төңірегінде ұйысуға шақырамыз.
Соңғы жаңалықтар