• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Ауғанстанда жол апатынан 6 адам қаза тапты

256 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 қаңтар. Ауғанстанның шығысында Нуристан провинциясында жолаушылар көлігі өзенге құлап, 6 адам қаза тапты. Сондай-ақ, үш адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қаза тапқандардың бесеуі мектеп оқушылары. Жоғары оқу орнына түсу үшін Парун қаласында арнайы сынақ тапсырып келе жатқан. Ал Нуристан провинциясындағы көпірлердің көбісі қауіпті жағдайда. Қайғылы оқиға осындай орындардың бірінде болды», ­­- дейді жергілікті БАҚ өкілдері. Зардап шеккендер жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді. Ал полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізуде. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: reporter-tv.net.  
Соңғы жаңалықтар