• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Қытай шекарасынан 70 қолтырауынды алып өтпек болғандар ұсталды

431 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 қаңтар. Қытайдың Гуанси-Чжуан автономды ауданында шекара арқылы Вьетнам мемлекетіне заңсыз жолмен 70 қолтырауынды алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті полиция қызметкерлері тергеу жұмыстары кезінде қолтырауынның Қызыл кітапқа енген сиам түрінің тоңазытылған 70 данасын, сондай-ақ, оның 88 құйрығын тәркілеген. Әрқайсысының дене мөлшері бір метрге жетсе, салмағы 10 килоның көлемінде. Ал құйрықтарының ұзындығы 0,7 метр. Өзге елге өтпек болған жүк көлігін шекарашылар асқан қырағылықпен бақылап, контрабандалыққа жол берген жоқ. Ал жүргізуші өзіне тек артылған жұмысты орындағанын, сондай-ақ, тапсырғандар көлік ішінде теңіз өнімдері тиелді деген жалған сөзбен шығарып салғанын айтып ақталды. Айта кетейік, қолтырауынның сиам түрі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде тіршілік етеді. Қазіргі кезде олар жер бетінен жойылып кетудің алдында тұр. Бүгінде олардың небәрі 5 мыңға жуығы қалған. Аян Әбдуәли. Дерек: Синьхуа. Сурет: all-pix.com.  
Соңғы жаңалықтар