• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Әлеуетті құрылымдар қызметкерлері

539 рет
көрсетілді

мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырылады 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлері 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек сіңірген жылдарына қарамастан республикалық бюджеттен зейнетақымен қамсыздандырылатын болады.       Аталған шара еңбек сіңірген жылдары 1998 жылға дейін кемінде 10 жыл болған әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің зейнетақы мөлшерін көбейту мақсатында қабылданып отыр. Бұрын олар бюджеттен толық көлемде зейнетақы алмаған. Бұл орайда олардың Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қорындағы шоттарына мемлекеттік бюджет есебінен қызметкер табы­сы­ның 20% мөлшерінде міндетті зей­нетақы жарналары төленіп отыр­ған (табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылатын БЖЗҚ-ның басқа салымшыларын қоспағанда). Енді 1998 жылғы 1 қаңтарда еңбек сіңірген жылдары 10 жылдан аз қызметкерлерге бұрын тағай­ындалған зейнетақы төлем­дері­нің мөлшері қайта есептеле­тін болады. Зейнетақы төлем­дерінің мөлшерін бұрын алынған табысқа салыстырылған толық көлемге дейін ұлғайту көзделген. Әскери қызметшілердің зей­нет­ақыларын қайта есептеу үшін қойылатын талап – бұрын бюджеттен аударылған міндетті зей­­нет­ақы жарналарының 50%-ын рес­публикалық бюджетке қай­тару. Бұрын бюджеттен аударыл­ған міндетті зейнетақы жарна­ларының 50%-ын республикалық бюджетке қайтару үшін әскери қыз­метші зейнетақы жарналарын аударған тиісті уәкілетті мем­лекеттік органға жазбаша өтініш беру керек. Өтінішке жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және аударылған мін­детті зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ анықтамасы қоса беріледі. Зейнетақы жарналарының жартысы мен есептелген инвес­ти­циялық табыс БЖЗҚ салымшысы болып табылатын әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің жеке зейнетақы шоттарында қала­ды. Әлеуетті құрылымдар қызмет­керлері зейнетақы жинақ­тарының қалған жарты бөлігін пайдалану құқығын зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес жалпы негіздер бойын­ша алады. Қандай да бір себеп­термен зейнетақы жарналары қайтарылмаған әскери қызмет­шілер де осы талаптармен зейнет­ақы төлемдерін алатын болады. Бұған қоса, әскери қызмет­шілердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тоқтатылады. 2016 жылдан бас­тап еңбек қызметінің жалпы өтілі кемінде 25 жыл болған, оның ішінде 12 жыл 6 ай бойы үздіксіз әскери қызметте болған әскери қызметшілер еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыға­ды әрі республикалық бюджет­тен төлем алады. Әскери қыз­мет үшін шекті жасқа келу, штат­­тардың қысқаруы немесе ден­саулық жағдайы әскери қызметті тоқтатуға негіз болып табылады, деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.
Соңғы жаңалықтар