АСТАНА. 27 қаңтар. Қытайда Харбин медициналық университетінде маймылдың басын ауыстыру отасы жасалды. Бұл туралы russian.rt.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Операцияны италиялық хирург Серджио Канаверо мен оның қытайлық әріптесі Жэнь Сяотин жасады.
«Маймылдың басын ауыстыру отасы қиын болған жоқ. Маймыл операциядан кейін 20 сағат өмір сүрді. Содан кейін біз оған дәрі беріп, ұйықтатып тастадық», дейді нейрохирург Серджио Канаверо.
Телернада көрсетілген хабарға қарағанда, бұған дейін тышқанның басын ауыстыру операциясы жасалған. Енді италиялық дәрігер науқас адамның басын ауыстыруға болатынын айтып отыр. Қазір оған ресейлік IT маманы Валерий Спиридонов келісім берген екен. «Бұл операция 36 сағатқа жалғасуы мүмкін. Ол 20 млн. доллар тұратын болады. Отаны біз 2017 жылдың соңында Қытайда жасауды жоспарлап отырмыз. Өйткені, Қытай өздерін жер-жүзіне медицинасы мен ғылымы дамыған ел екенін көрсеткісі келеді», дейді ол. Дәрігердің айтуынша, операцияға қомақты қаржы керек. «Ота жасау оңай болмайды. Бұл бір адамның өмірі шешілетін операция. Сондытан оның сәтті өтуі үшін қалталы кәсіпкерлер көмектесс деген тілегім бар», дейді нейрохирург. Ал кейбір дәрігерлер италиялық маманның операциясына күмәнмен қарайтынын айтуда. Мысалы, Швециядағы Каролин институты регеративті хирургиясының профессоры Паоло Маккириани Канавероны қылмыскер деп айыптаса, АҚШ-тың Гарвард медицина мектебі биоэтика орталығының неврологы Томас Кокрейн италиялық дәрігер өзіне жарнама жасап жатқанын айтты. Қалай болғанда уақыт бәріне төреші. Адамның басын ауыстыру отасы жасалатынын, жасалмайтынын уақыт көрсетеді.
Дастан Кенжалин.
Дерек: russian.rt.com
Сурет: domfactov.com