«Егемен Қазақстан» газетінің ардагер журналисі Қайсар Әлімге тапсырылды
Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қазақ радиосының 95 жылдығына, «Шалқар» радиосының 50 жылдығына және «Алау» мұзайдыны сарайының 5 жылдығына арналып БАҚ өкілдері арасында өткізілген конькимен жүгіру сайысы мәресіне жетті.
Соңғы жылдары БАҚ өкілдерінің осы тектес сайыстарының бұқаралық сипат ала бастағанына назар аударылды.
Командалық есепте бірінші орынды «Каzah TV», екінші орынды «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, үшінші орынды «ОҢ» TV» телеарнасы жеңіп алды.
Ал «Егемен Қазақстан» газетінің ардагер журналисі Қайсар Әлімге «Көрермендер көзайымы» жүлдесі тапсырылды.
Назар ҚАСЫМ.
АСТАНА.