• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2016

Биатлоншы Арина Пантова әлем чемпионы атанды

359 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 ақпан. Биатлоннан Румынияның Чейле Градистей елді-мекенінде жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Арина Пантова пасьюттен бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Арина Пантова 7,5 шақырымға ізге түсіп жарысудан, нысана көздеуде бір ғана рет мүлт кетіп, мәреге бірінші келді. Бұл сында Украина спортшысы Анна Кривонос күміс жүлдені, германиялық Марина Саутер қола медальді иеленді. Арина Пантованың жасы 16-да. Қазір жас та болса команда үшін бас бола білетін бойжеткен алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Ал чемпионат ертең бітеді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті.