• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2016

Универсиада қарсаңында 2000 жұмысшы ағылшын тілін үйренеді

250 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 ақпан. Алматыда қала қызметтерінің 2000 жұмысшысы Универсиада қарсаңында ағылшын тілін меңгеретін болады Бұл туралы 2017 жылғы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дирекцияның ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады Ағылшын тілін оқыту биылғы жылдың наурыз айында басталады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ағылшын тілінің Универсиадада атқаратын рөлі орасан екенін атап өтті. «Соңғы айларда біз инвесторлармен тығыз жұмыс істей бастадық. Алматыға 90 делегацияның өкілдері келді. Сондықтан Универсиада кезінде ағылшын тілін еркін меңгерген адамдардың қатарын көбейту керек», деді ол. 2017 жылғы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекцияның жетекшісі Әсет Әбдуәлиев ағылшын тілі курстары қай жерде оқытылатынын айтты. «Ағылшын тілін оқыту бірнеше ЖОО-да болады. Мамандандырылған қала қызметтерінің 2000-ға жуық өкілі шет тілін ҚазҰУ, ҚазҰПУ, ҚазМҚПУ, Сүлеймен Демирел және Абылайхан атындағы университеттерде оқиды. Оқу бағдарламасы аталған университеттердің ұстаздарымен құрастырылған», деді ол. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: almaty2017.com