• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Жүзден жүйрік, мыңнан мықты

447 рет
көрсетілді

Кеше Еуразия ұлттық универ­ситетінде Білім және ғылым ми­нистрі Аслан Сәрінжіповтің қаты­суымен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2015» иегер­лерін марапаттау рәсімі өтті. Республикалық конкурста бес жылдан кем емес үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар қазақстандық жоғары оқу орындарының оқыту­шы­лары бақ сынаған. Сайыстың алғаш­қы кезеңі жоғары оқу орнында ірік­теу түрінде өтсе, ал екіншісі респуб­ликалық дәрежеде жалғасты. Жеңімпаздарды Білім және ғылым министрлігі, сонымен қатар, жетекші ғалымдар мен мамандардан құралған комиссия анықтады. Жеңімпаздарды анықтауда баса на­зар аударылған өлшемдер – оқу құ­рал­дары мен оқытудың инновация­лық технологияларын игеру, интерак­тивті режімде ашық сабақ жүргізу, студенттердің ғылыми-зерттеу және шы­ғармашылық жұмыстарына жетек­шілік ету, оқыту сапасын ұйымдастыру және тәрбие жұмыстары, академиялық, ғылыми дәреженің немесе атақтың болуы, ғылыми-зерттеулері мен жетістіктері, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау. Жеңімпаздарға куәлік және 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мем­ле­кеттік грант төленеді. «Жоғары оқу ор­нының үздік оқытушысы – 2015» грантын төлеуге Республикалық бюд­жет­тен 848 млн. 400 мың теңге қарас­ты­рыл­ғанын да айта кеткен артық болмас. Сондай-ақ, грант иегерлері жыл бойы ғылыми-зерттеу тақырыбы мен оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша халықаралық, республикалық ғылыми конференциялардың, симпо­зиум­дардың, конгрестердің жұмыс­тарына қатыса алады. Бұл грант Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2005 жылы тағайындалған болатын. 2015 жылы еліміздің 61 жоғары оқу орнынан 200 адам осы гранттың иегері атанды. Бұлардың 42 пайызын ғылым докторлары, 53,5 пайызын профессорлар, ал 4 пайызын PhD докторлары құрайды. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».