• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Жаңарған дерекқор

385 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету жөніндегі орталығының өкілдері Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартқа (ЕКҚКШ) қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің хабардар етілген құрылымы бойынша семинарға қатысты. Семинар НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде өтті. Атап өтілгендей, семинар мақсаты деректер қорына енгізе отырып, НАТО-ға қатысушы мемлекеттер мен серіктес елдердің қарулы күштері туралы деректерді жаңарту болып табылады. Кездесу барысында қазақстандық делегация 2016 жылға арналған деректі жаңартты, бірқатар екі­жақты кездесулерді өткіз­ді. Еліміз Қарулы Күш­терінің өкілдері «Verity» дерек­қоры­мен жұмыс жасау туралы қа­жетті мәліметтерді алды. Де­рек­қордың өзі жеке құрамның, қару-жарақ пен техниканың санын, қатысушы мемлекеттер арасындағы жүргізілетін инспекциялар туралы есептерді қоса есептегенде, ЕКҚКШ шең­­берінде ақпарат жүргізуге арналған. Бүгінгі таңда Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер тура­лы шартқа қатысушылар Қазақ­стан, Ресей, Армения, Әзер­байжан, Беларусь, Бель­гия, Бол­гария, Ұлыбритания, Вен­­грия, Германия, Грекия, Гру­зия, Дания, Ислан­дия, Ис­па­ния, Италия, Люксем­бург, Мол­­дова, Нидер­ланд, Норве­гия, Поль­ша, Пор­ту­галия, Ру­мы­ния, Сло­вакия, Түр­кия, Украи­на, Фран­ция жә­не Чехия, сон­дай-ақ, АҚШ пен Канада бо­лып та­бы­ла­тынын айта кеткен жөн. Шартқа сәйкес, оны қолдану ауданы – арал аумақтарын қос­қанда, Атлант мұхитынан бастап Орал таулары, Орал өзені­нен Каспий теңізіне дейін­гі аумақ. Қатысушы мемле­кеттерде кәдімгі қару-жарақ пен жауынгерлік техни­ка­ның тең санының болуына рұқ­сат етіледі. Бұл ретте, олар­дың жалпы жиынтық саны 40 мың жауынгерлік танк­тен, 60 мың жауынгерлік брон­дал­ған машинадан, 40 мың артил­ле­рия­лық құрылғыдан, 13 600 жауын­герлік ұшақ пен 4 000 жой­ғыш тікұшақтан ас­пауы тиіс. «Егемен-ақпарат».