• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Ассамблея алаңындағы жүздесулер

203 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Георгий Ким Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясының бірінші бөлігіне қатысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Форум аясында сенатор Ассамблеядағы Литва делегациясының мүшелері Бируте Весайте, Эмануэлис Зингерис, Гедиминас Якавонис, Далиа Куодите және Дангуте Микутиенемен кездесті. Парламентаралық өзара іс-қимыл, Қазақстанды 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі болуға сайлаудың келешегі және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Литваның қатысуы мәселелері талқыланды. Одан басқа, Г.Ким болгар парламентшілерімен жұмыс бабындағы кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастық пен парламентаралық үнқатысу қалыптастыру мәселелерін талқылады. ЕКПА-дағы болгар депутаттары парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге әзірлігін жеткізді, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының XV отырысы қарсаңында 2016 жылғы 31 мамырда Астанада өтетін «Дін терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы жұмысына қатысуға тілек білдірді.