• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Партиялық тізімді тіркеуге ұсынды

298 рет
көрсетілді

Сенбі, 30 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясына 127 адам енгізілген «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі тіркеу үшін ұсынылды. Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес партиялық тізімді саяси партияның өкілі «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XVII съезінің хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде тапсырған. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталған. Орталық сайлау комис­сиясының таратқан ақпараты бойынша, партиялық тізімді тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттар ұсынылды: саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен қоса «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XVII съезінің хаттамасынан үзінді көшірмесі, партиялық тізімге енгізілген азаматтардың тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері, партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның өмірбаяндық деректері, салық органының партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы мен мүлкі туралы дек­ларация тапсырғаны туралы анықтамалары және партиялық тізімге енгізілгендердің «Нұр Отан» партиясында мүшелігін растайтын құжаттар. Сайлау заңнамасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы өткен сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы санының 7 пайыздан артық дауысын алғандықтан, сайлау жарнасын енгізуден босатылады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».