Еуропа елдеріне келгелі бері жоғалып кетті
Еуропа елдерінде басқа құрлықтардан келген босқындардың 10 мыңдай баласы із-түзсіз жоғалып кетті. Хабарлағандай, олар тұрақтаған елдерінде арнайы тіркеуден өткеннен кейін жоқ болған.
«Еуропол» жетекшісі Брайан Дональдтың айтуына қарағанда, тек Италияның өзінде ғана бес мыңға жуық кішкентай босқындар ұшты-күйлі жоқ. Швецияда мыңға жуық бала табылмай жатыр. Ол балалардың бір бөлігі өздерінің қылмыстық мақсатына пайдаланып отырған қылмыскерлердің қолдарында болуы мүмкін екенін айтады.
«Еуропол» басшысы сонымен қатар, балаларды іздестірудегі қиындықтар құқық қорғау органдарымен байланысқа бара бермейтін мигрант ата-аналардан да болып отырғанын жеткізді.
Бұдан бұрын Amnesty International заң қорғаушылары Ирак пен Сириядан шыққан әйелдердің құқық қорғау органдары тарапынан болатын күш көрсету мен сексуалды бопсалаулар жөнінде шағымдар айтылатынын баяндаған еді.
Мұрат АЙТҚОЖА.