• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2016

Үндістанда адамға метеорит түсті

278 рет
көрсетілді

Бұрын адамға жай, яғни найзағай түскен оқиғасын көп еститін едік. Соның ішінде мұндай оқыс оқиғалар Үндістан жерінде жиі болып тұрады. Ал енді ежелгі Ганг өзенінің жағасында бұдан да зор дерек – адамға шағын метеориттің түскені туралы хабар жетіп отыр. Егер бұл рас болса, ол әлем­дегі осындай бірінші оқиға болмақ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жолы «жасыл жортқыш» Үндістандағы ерекше оқиға Тамилнад штатында орын алған. Атап айтқанда, 6 ақпан күні таңертең жеке инженерлік колледждің кампусы территориясына шағын метеорит келіп түскен. Осыдан жарылыс туып, соның салдарынан жақын маңдағы ғимараттар мен автобустардың терезелері қирап қалған. Жарылыс нәтижесінде үш адам жарақат алған. Ал бір адам – автобус жүргізушісі сол жерде қаза тапқан. Егер мамандар жарылған шын мәнінде метеорит болып шыққанын растап беретін болса, бұл тарихта адам баласының соның салдарынан бірінші рет қаза табуы болып табылады. Мұрат АЙТҚОЖА.