• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Байқау қашанда байыпты

269 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау жақындаған сайын саяси науқанның өтуіне қатысатын қоғамдық ұйымдар да жұмыстарын жандандыра түсуде. «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орта­лы­ғында сайлауды байқау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық комиссия облыс­тық филиалының төрағасы Халел Құсайы­нов БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Ол комиссия құрамына өңірге танымал ға­лымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ жә­не жастар өкілдері кіргенін, олардың элек­торатты науқанның ашық және әділ өтуін қадағалауға атсалысатынын жеткіз­ді. Оның айтуынша, филиал жанынан құра­мында жеті адам бар облыстық штаб құры­лып, өз жұмысын бастауда. Ол бұдан бұрын­ғы сайлауда комиссияның 450 мүшесі болғанын, бұл жолы бұдан артық болмаса, кем болмайтынын атап өтті. Комиссияның құрылу мақсаты – депутаттықтан үміткерлердің сайлауалды штабтарының, сайлау комиссияларының және БАҚ-тың сайлау туралы заңнама­ларды сақтауына бақылау жасау болып табылады. Комиссия мүшелері электоратты үдеріске қатысушы барлық үміт­керлерге тең жағдайлардың жасалуын, сайлау заңдылығының бұзылуына жол бермеуді және бола қалған кезде оларды уақтылы жоюды, әкімшілік ресурстық іс-әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз етеді. Комиссия өкілдері облыстың барлық 12 ауданы мен Ақтөбе қаласында жұмыс істейтін болады. Сайлаушылар дауыс беретін күні комиссия облыстың барлық сайлау учаскелерінде байқау жүргізеді. Сайлаудың ашық және әділ өтуіне қолдау көрсету мақсатында комиссия мүшелері облыстық сайлау комиссиясымен, прокуратурамен, халықаралық байқаушылармен, үміткерлердің сайлауалды штабтарымен, БАҚ және азаматтық сектор өкілдерімен бірлесіп, жұмыс істейтін болады. Филиал төрағасы Халел Құсайынов қоғамдық кеңес мүшелерінің 2011, 2015 жылдары өткен президенттік сайлауда және 2012 жылғы Парламент сайлауын­да байқаушылар ретінде атсалысқан тәжірибелі азаматтар екенін тілге тиек ете келіп, ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар өткізудің кестесіне сәйкес семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер өткізілетінін жеткізді. Бір сөзбен айтқанда, байқаушылар жұмысында байыптылық қатаң сақталатын болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.