• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Астанада «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» атты патриоттық акция өтті (фото, видео)

582 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 ақпан. Ұйымдастырылған интернет-акция Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Шара барысында әлеуметтік желіні пайдаланушылар 25.el.kz арнайы сервисінің көмегімен бір мезетте өздерінің суреттерін ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Акцияның мақсаты - Тәуелсіздігіктің 25 жылдығын еліміздің жастары болып кеңінен атап өту. Осы орайда бүгінгі ұрпақтың өрендері әлеуметтік желілердегі жеке суреттерін қазақы оюмен өрнектеп, өздерінің патриоттық сезімдерін, отанға деген сүйіспеншіліктерін көрестті. Шара Орталық коммуникациялар қызметінде 10 сағат 25 минут 25 секунда басталды. Айта кетейік, 25.el.kz порталына кіріп, өз суретін ауыстырған адамдардың саны 32 296-ға жеткен. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, олар жиырма күн бұрын www.25.el.kz платформасын жасап шығарған. Жалпы, шараға 300 студент пен өнер адамдары қатысты. Олардың ішінде белгілі әншілер Маржан Арапбаева, Ерлан Көкеев және актер Әділ Ахметов болды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: egemen.kz.