• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

Пәкістанда лаңкестердің шабуылынан 9 полиция қызметкері қаза тапты

251 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 ақпан. Пәкістанның солтүстік-батысында Ауғанстанмен шекаралас жерде лаңкестердің екі мәрте жасаған шабуылынан 9 полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қаруланған топ полиция қызметкерлері жиналған орынға келіп оқ жаудырған. Оқиға орнында бірден 7 адам көз жұмды. Сондай-ақ, тағы бір топ күн батареясы арқылы жұмыс істейтін су станциясына шабуыл жасады. Бұл жерде екі қызметкер мерт болды. «Содырлар шабуылдаған кезде түн болатын. Күтпеген жерден оқ жаудырды. Полиция қызметкерлері  тойтарыс беріп те үлгермеді», – деді тәртіп сақшылары. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: telegraf.com.ua.