• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2016

ТМД байқаушыларын аккредиттеді

272 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының кешегі отырысында «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылданды. ОСК мүшесі Татьяна Охлоп­ко­ваның хабардар етуінше, аталған қау­лыға сәйкес Ортсайлауком Қазақ­стан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойын­ша Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғынан байқаушылар миссиясының 12 байқаушысын аккредиттейді. «Тізім қоса беріліп отыр. Бүгін ак­кредиттейтін байқаушылар қа­тарында ТМД байқаушылары миссиясының жетекшісі Сергей Лебедев және миссия штабының басшысы Евгений Слобода бар», – деді Комиссия мүшесі. Осы жылдың 18 ақпанындағы жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың екі миссиясының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД) 52 байқаушысын аккредиттеді. Ал Ортсайлауком шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».