• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Қостанайда жас жігітке оқ атқан қылмыскер 9 жылға сотталды

271 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 23 ақпан. Қостанай қаласының №2 соты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша 30 жастағы Асхат Жүсіповке қатысты сот үкімін шығарды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 2015 жылдың 17 қарашасында сағат 05:00 шамасында Асхат Жүсіпов тергеу анықтамаған адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, «Добрый» шатханасының қасында 23 жастағы жәбірленуші У-ға бірнеше рет соққы жасаған. Бұзақы Жүсіпов мұнымен тоқтамай, көзіне қан толып, ұңғысыз қарудан жәбірленушінің басына екі рет оқ атқан. Қостанай қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген У. есін жимастан қаза болды. Өзгенің қанын мойнына жүктеген Асхат Жүсіпов айыпты деп танылып, әділ сот оған 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады. Жәбірленушінің материалдық шығыны мен оған келген моральдық залалды өндіру туралы азаматтық шағымы ішінара қанағаттандырылып, жәбірленуші У-дың туыстарының пайдасына 631 369 теңге материалдық және 1,5 млн. теңге моральдық шығын өндірілді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. Сурет: egemen.kz.