• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2016

Оңтүстікте «Менің еліме – 25 шың» жарысы өтті

ШЫМКЕНТ. 24 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Облыстық жас туристер» стансасының ұйымдастыруымен еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің еліме -25 шың» атты жарыс өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шымкенттегі «Мега» ойын-сауық орталығында өткен  «Жасанды бедерде спорттық құзға өрмелеудің тәсілдері» бойынша қалалық туристік жарысына 5-11 сынып оқушылары қатысты. Жарысты ұйымдастырушылар «бұл жарыс арқылы мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне мән беріліп, оқушыларды патриоттық рухына тәрбиелеуге қол жеткіземіз», дейді. Сонымен қатар, балалар қиын-қыстау шақта абдырап қалмай шешім қабылдауға үйренеді әрі батылдыққа баулынады. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар