• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Ұрланған бала

477 рет
көрсетілді

үш күнде отбасына аман-есен қайта оралды Бүкіл ел алаңдаған оқиғаның соңы жақсылықпен аяқталып, Мұхаммед аман-есен табылды. Арыс қаласынан табылған бала бүгінде өз үйіне жеткізілді. Ата-ана­сы, бауырларының қуаны­шында шек жоқ. «Өзімдегі қуаныш сезімді жеткізуге ешқандай сөз таппаймын, – дейді ұлын құшағынан айырмай жүрген анасы Жанна Ағабекова. – Мұхаммед жоға­лып кеткенде, барлық қазақ­стандықтардан қолдау көрдік. Ағайын-туыс, ерікті азаматтар полицейлермен бірігіп, іздеуге шықты. Бәріне, бәріне мың алғыс айтамыз. Балам осы уақытта ұрлаған әйел және оның ерімен бірге тұрыпты. Ешқандай зәбір көрмеген. Бірақ аздап қорқып қалғандығы байқалады. Баланы мектептен шыққан бетінде алдаусыратып алып кет­­­кен әйелдің жаңа деректері шы­ғып жатыр. – Кеше Арыс қаласының тұр­ғыны қоңырау шалып, фотороботта көрсетілген әйелдің тұрғын жайын хабарлады, – деді осы оқиғаға орай ұйымдастырылған брифингте криминалды поли­цияның басқарма басшысы Кенжебек Оңдасынов. – Нұсқау бойынша, бала мен оны ұрлаған азаматшаны тез таптық. Баланы қалай алаңсыз ертіп кеткені белгісіз, өйткені, ұрлағанға дейін атын білмеген. 1956 жылы туған күдікті әйел бұрын сотталмаған екен. Бірақ тергеу кезінде оның тағы бір бала ұрлығына қатысы бо­л­ғаны анықталған. Ол 2013 жылы Шымкент қаласы Абай ауда­нын­дағы мектептен алты жасар қызды алдап әкетіп, ұсталып қаларын білген соң он күннен кейін қайта әкеліп тастаған. Өмірәлі Нұрай есімді бүлдіршін көше кезіп жүр­ген жерінен табылған. Тергеу кезінде күдікті әйел­дің отбасы, балалары, тіпті, неме­релері бары анықталған. Ол өзінің ұрлығын балаларды жақсы көретіндігімен түсіндіргісі келеді. Қазіргі таңда облыстық ішкі істер департаменті оған ақыл-есінің дұрыстығы жө­нінен сараптама тағайындады. Бұ­рын психикалық ауытқу есебінде жоқ әйел күйеуі­мен жеке үйде тұ­ра­ды екен. Ержеткен ұл-қызы Шым­кентте үйлі-жайлы. Қазір ол кінәсін толық мойындап отыр. Екі рет бала ұрлы­ғына қатысты әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» 125-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер қылмысы толық дәлелденсе, ол кемінде 7-12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.