АСТАНА. 25 ақпан. Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты – astana.gov.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» акциясы шеңберінде қолға алынған жәрмеңке 29 ақпан мен 6 наурыз аралығында күн сайын «Думан» ойын-сауық орталығы алдындағы автотұрақта өтеді.
Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудан тауар өндірушілері мен жеткізушілері өз өнімдерін ұсынады. Негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сондай-ақ, қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.
Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан төмен болады. Өткізілу уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: astana.gov.kz.