• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Қарағандыда көлік жүргізушісі қарт кісіні соққыға жықты

268 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 25 ақпан. Қарағандыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан қарт адамды соққыға жыққан. Бұл туралы newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға қаладағы орталық көше – Бұқар жырау даңғылында болған. Жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан қарияны көлік жүргізуші алдымен балағаттап, одан кейін ұрып жыққан. Бұзақы мұнымен де қоймай құлап жатқан қарт адамға тағы да бірнеше мәрте соққы жұмсаған. Жол үстінде жатқан қарияға жедел жәрдем көлігі медициналық көмек көрсетті. Жапа шегуші дәрігерлерге басының және де қолының қатты ауырып тұрғаны туралы шағымданған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қарияны соққыға жыққан күдіктіні анықтау жұмыстарымен айналысуда. Қайрат Әбілдинов. Дерек: newtimes.ru. Сурет: today.kz.