• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Көкшетауда ірі көлемде есірткімен ұсталған азамат 10 жылға сотталды

353 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 25 ақпан. Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңсыз есірткі сақтаған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарап, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Сот анықтағандай, Ақмола облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде, азамат А-ның басқаруындағы автокөлік ұсталған. Автокөлікті тінту кезінде күдікті 4 полиэтилен пакетте салмағы 15 кило 820 грамм гашиш және бір полиэтилен пакетте салмағы 27 кило 380 грамм кептірілген марихуана есірткі заттарын полиция қызметкерлеріне өз еркімен тапсырған. Сот үкімімен азамат А-ға Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің 2-3-тармақтарында («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтеу, қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеу және 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі. Сурет: politsib.ru.