• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Қызылордада жүрек соғысын тоқтапай ашық ота жасалды

383 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 ақпан. Қызылордада жүрекке отаның жаңа түрі жасалды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Астана қаласындағы ұлттық ғылыми орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты Темір Лесбеков және жоғары білікті реаниматор-анестезиолог Нұрлан Смағұловтардың көмегімен жүрек соғысын тоқтатпай, жүрекке ашық ота жасалды. Мұндай ота Қызылорда облысында бірінші рет жасалуда. Облыстық медицина орталығының кардиохирургтары тікелей отаға қатысып, тәжірибе алмасты. Жыл басынан бері ашық жүрекке 20-дан астам ота жасалса, жаңа ота 4 науқасқа жасалып, білікті мамандар 15 науқасқа кеңес берді. Ендігі кезекте, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған облыстық медицина орталығының кардиохирургтары аталған ота түрін өз күштерімен жасамақ. Ержан Байтілес. Дерек: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Сурет: isra-med.com.