• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Ливияда қақтығыс кезінде 33 адам қаза тапты

332 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 ақпан. Ливияның Сабрата қаласында содырлар ұйымы мен жергілікті әскерилер арасындағы қақтығыстан 33 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Жергілікті әскерилер мен атышулы лаңкестік ұйымдардың мүшелерімен болған қақтығыс кезінде 33 адам мерт болды. Оның арасында Тунистің 13 азаматы бар», – дейді ұлттық қауіпсіздік органының қызметкері Нидала Гандури. Өткен жұма күні Ливия жеріндегі Сабрата қаласының маңайында шоғырланған лаңкестер ұйымының лагеріне шабуыл жасады. Операция барысында 50 адам қаза тапты. Арасында өткен жылдың қараша айында тұтқынға түскен Сербия елшілігінің екі қызметкері бар. Алайда, өткен сәрсенбі күні пентагонда мамандар бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.