• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2016

Келісім көкжиегі кеңейеді

308 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті жанын­дағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандық мем­лекет-жекеменшік әріптестігі ор­та­­лығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаровтың және аталған орта­лық­тың бас­қарушы директоры Айдос Көбетовтің қатысуымен бри­­финг өтті. Олар аталған сала­ның да­муы және қазіргі жай-күйі туралы әңгімелеп берді. «Қазақстандық мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаров 2015 жылдың 11 қарашасында Елбасының «Мемлекет-жекеменшік әріптестігі туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңына қол қой­ғанын, ал осы жылдың 15 ақпанында нормативтік актілер заңдық тұрғыда өз күшіне енге­нін, соның негізінде мем­ле­кет-жекеменшік саласының қазақ­стандық моделі әзірленгенін жет­кізді. «Біздікі бір жағынан ара­лас модель десек те болады. Себе­бі, біз еуропалық модельден бө­лек, Оңтүстік Кореяның моде­лін де ескеріп, сараладық. Қазір бұл бағыттағы көптеген жоба жү­зеге асырылуда», деді А.Ойнаров. Оның айтуынша, жаңа заңна­ма­ның тетіктерін пайдалану мем­ле­кет және бизнестің өзара әрекет­тесуінің жаңа үлгілерін енгізуге мүмкіндік береді, осылайша, оның әрбір өңірде, жалпы рес­публика көлемінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуын қамта­масыз ете алады. «Яғни, «Мемлекет-же­ке­­­меншік әріптестігі туралы» заң­ның не­гізгі мақсаты – қолжетімділік дең­гейін және қоғам­дық игілік пен қызмет­тердің сапа­сын арттыру үшін ресурстар­ды бірік­тіру арқылы мемлекет пен жеке­мен­шік ара­сындағы ұзақ мерзімді ынты­мақ­тастықты қалыптастыру және нығайту», деді басқарма төрағасы. Ал «Қазақстандық мемлекет-жеке­меншік әріптестігі орталығы» АҚ бас­қарушы директоры Айдос Көбетов жаңа заңның қабылдануына, оған сәйкес жаңа мүмкіндіктердің ашылуына байланысты жеке тарап мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамытуға байланысты үлкен қызуғышылық танытып отырғанына тоқталды. «Заң қабылданғаннан бергі 3 айдың ішінде «Қазақстандық мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ-та 290-ға жуық кездесу өтті. Оның 70 пайыздан астамы жеке тараптардың ұсынысы және жеке тараптармен тікелей жүргізілген келіссөздер негізінде жүзеге асты. Олар әртүрлі жобалар ұсынып отыр. Мәселен, мемлекеттік органдар көбіне әлеуметтік, инфрақұрылымдық салалардағы жобаларды дамытуға қызы­ғушылық танытатын болса, жеке тараптар IT-технологиялар саласына, яғни ақпаратттандыру мен автоматтандыруға, бұдан бөлек, қоршаған ортаны қорғауға, энергетиканы дамытуға, оның ішінде, электр энергиясын ұтымды пайдалануға қатысты жобаларды кеңінен қолға алуға ниет танытып отыр, деді А.Көбетов. Брифинг барысында «Қазақ­стандық мемлекет-жекеменшік әріптестігі орта­лығы» АҚ өкіл­дері қазіргі таңда Қазақ­станда 102 мемлекет-жекеменшік әріп­тестігіне қатысты әртүрлі жобалардың дайындалып жатқанын, олардың 8-і респуб­ликалық, ал 94-і жергілікті деңгей­лерде екенін жеткізді. Олардың пікі­рін­ше, мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетік­тері дағдарыс кезеңі мен мемлекеттік секторда жүргізілетін қатаң үнемдеу шаралары кезінде де әлеуметтік-экономикалық секторды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».