• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2016

Үміткер сайлаушылармен кездесті

331 рет
көрсетілді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміт­кер, партияның облыстық филиалының төрағасы Ми­рамбек Камалов бір топ ақтөбеліктермен кездесті. Кездесу барысында ол партияның сайлауалды бағдарламасына жан-жақты тоқталып, оның басым бағыттарын тарқата әңгімеледі. Оның айтуынша, ЖСДП аталмыш сайлау додасына партияластарымен қатар, танымал азаматтық қоғам өкіл­дерін жұмылдыра отырып түсіп отыр. Тізімде сондай үміткерлердің болуын үлкен қолдаудың нышаны ретінде баға­лады. Ол партиялық тізімге ЖСДП атынан 23 үміткер енгізілгенін, олардың орташа жасы 54,7 екенін, түгелдей жоғары білімді екенін алға тартты. Сай­лауалды бағдарламада еліміздегі бірқатар көкейкесті мәселелерді шешуге ұйытқы болу көзделетінін жеткізді. Мәжіліске өткен жағдайда пар­тия­ның азық-түлік пен дәрі-дәрмекке баға­­ның өсуіне, коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне жол беріл­меуіне, ішкі резервтерді іздестіру нә­тижесінде еңбекақы мен зейнет­ақыны көтеруге, мемлекеттік қызмет­ті оңтайландыруға ықпал етуге ұм­тылатынын атап өтті. «Қазір сайлауал­ды үгіт-насихат жұмыстары қарқын ала бастады. Біз партияның сайлауалды бағдарламаларын түсіндіретін газет, плакат және парақшалар түріндегі үгіт-насихат материалдарын таратуды бастадық. Сондай-ақ, шалғай ау­дан­дардағы сайлаушылармен кездесулер өткізілуде. Жақында ғана Ойыл, Темір аудандарында болдық, ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп қайттық. Мұндай жұмыстарды барлық аудандарда өткізу көзделуде. Күні кеше ғана қаладағы бір топ ардагермен жүздесіп, алдағы сайлауға байланыс­ты келелі кеңес құрылды. Ең басты басқосу үстіміздегі жылы наурыз айының ортасына таман ЖСДП төралқа мүшелерінің қатысуы- мен өтетін шара», – деді М.Ка­ма­лов. Жал­пыұлттық социал-демокра­тия­лық пар­тия атынан Парламент Мәжі­лі­сі де­пу­таттығынан үміткер, партия­ның об­лыстық филиалының төрағасы М.Кама­лов сөзінің соңында партияның сайлау­алды бағдарламасында халықаралық социал-демократия идеясының озық тұстарын сұрыптап пайдалана отырып, қоғам игілігі қағидаттарына негізделген бірқатар шаралар кешені ұсынылатынын көлденең тартты. Кездесуде сөз алған қала тұрғыны А.Жай­­­саңбаев, «М-Техчсервис» ЖШС-нің опе­­раторы Бекболат Қалаубайұлы Жал­­пыұлттық социал-демократиялық пар­­тияның сайлауалды бағдарламасына бай­ланысты өзіндік ой-тұжырымдарын ортаға салды. Кездесуде бұдан басқа да мәселелер төңірегінде әңгіме болды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.