• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2016

Отанның ыстық құшағы

383 рет
көрсетілді

Елімізде «Мен елімді сүйемін» акциясы өтуде. Осыған орай кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде телекөпір болып өтті. Туған елге, Отанға деген тұрғындардың сүйіспеншілік себептері мен махаббат лебізін көрсетуге бағытталған жобаның мақсаты айқын. Бұл ретте екі жұма ішінде 200-ден астам жарияланымдар мен бейнематериалдар тарап үлгерген әлеуметтік желіде бұл жобаны қолдаушылар күн санап арта түсуде. Бірінші кезекте арнайы тү­сі­рілген бейнероликтерге кезек беріліп, онда еліміздің беделді тұлғалары өз Отанын неліктен жақсы көретіндігі жайында сөз қозғайды. Телекөпір аясында еліміздің өзге өңірлерімен байланыс орнатылып, Маңғыстау облысынан байланысқа шыққан қарт Каспийдің тұрғындары осынау патриоттық бастамаға қол­дау көрсетуге қашанда әзірміз деген ізгі ниеттерін жеткізді. Сон­дай-ақ, бүгін біздің белсенді жас­­тарымыз теңіз жағалауында елдігімізді айқындайтын шараға өз үлестерін қосу үшін жиналып тұр. Осы ретте сөз кезегін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов пен ҚХА Жастар қанатының мүшесі Ислам Мұсаевқа береміз деген жастар оларға сөз тізгінін ұстатты. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы арманы жүзеге асқан бүгінгі елімізді мақтан тұтамын. Шаршы алаңға шыққанда мені қолдап отырған Отанымның бар екендігін сезінемін. Сол қолдау мені жеңіске жетелейді. Туымыз биік­ке көтерілгенде бойымды ас­қақ рух билейді, мен Отанымды сүйемін, деді Ә.Ниязымбетов өз сөзінде. Сондай-ақ, еліміздің шырайлы шығысынан байланысқа шыққан өскемендіктер де бұл шараны қолдауда белсенділік танытты. Өз өңірінің мақтанышы, еліміздің ең­бек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының үш дүркін чем­пионы Ольга Рыпаковаға сөз берілді. Ол Қазақстанды ше­к­сіз сүйетінін, себебі мұнда сәтті өмірге бағытталған керек­ті жағ­дайлардың барлығы жасалғанын және Отанның құшағы қашанда ыстық екенін ерекше атап өткен спортшы жас ұрпақты елдің даң­қын көтеруде аянбай еңбек етуге шақырды. Телекөпір қонақтарына арнайы сөз беріліп, олар да өз кезе­гімен жылы лебіздерін жет­кізді. Бұл ретте еліміздің танымал тұлғалары, спортшылар мен ұс­таздар, әншілер және өнер май­тал­мандары жиылған студияда сөз алғандар қатарында мемлекетіміздің белгілі актері Қуан­дық Қыстықбаев болды. Ме­н­ің бағым болар, театрда да, кинода да мен сомдайтын рөлдердің барлығы ерлікке, отаншылдыққа арналады. Соның ішінде елге деген махаббатымды даңқты партизан, Халық Қаһарманы Қасым атамыздың рөлін сомдаған кезде ерекше сезіндім. Бұл фильмді әлем­нің басқа да елдерінде көр­­се­туде, мен оны еліміздің Тәу­ел­сіздігіне жасалған сый деп біле­мін, деді ол. Жас бүлдіршіндердің жүрегіне патриоттық сезім нәрін егіп жүрген ұстаз Гүлден Ертаубаева да бала тәрбиесінде, ұрпақ тәлімінде бас­ты орын алатын ұстанымның отансүйгіштікке баулу екендігін атап айтты. Келешегімізге даңғыл жол салып, болашақтың берік іргесін қалайтын жастардың санасына елге деген сүйіспеншілікті сіңірудің маңыздылығына ай­рықша тоқталған мұғалім, бірлігі жарасқан ел жастарының жүрегі Отан деп соғуы қажеттігін жет­кізді. Алматы қаласындағы Медеу мұз айдынына жиылған жұрт елордамен байланысқа шықты. Олардың қатарында еліміздің беделді азаматтары – Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрагимов, әнші Мәдина Сәдуақасова, Турал Эверест, Тұрар Рахымберлин, Мұрат Мұтырғанов та бар. Отан­ға деген сезімін топтық бимен жет­кізген тұрғындар флеш-моб ұйымдастырды. Алматының ыс­тық сәлемінен соң телемост әнші Бүркіттің патриоттық әнімен аяқ­талды. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».