АСТАНА. 28 ақпан. Ирактың Бағдад қаласында шабуылынан қаза тапқандар саны 70 адамға жетті. Ал 100-ден астам адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Содырлар ұйымы Бағдадтың Мадинат-эс-Садр ауданында орналасқан базарда жарылыс ұйымдастырған деген болжам бар. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бұл іске жергілікті атышулы лаңкестер ұйымының қатысы болуы мүмкін.
Осыған дейін 28 адамның мерт болып, 60-тан астамы зардап шеккені туралы мәлімет тарағанымен, олардың қатары күрт артты.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.